Ата-аналар жиналысы

4-сынып — бастауыш білім берудің маңызды кезеңдерінің бірі. Бұл уақытта оқушының білімге деген қызығушылығын арттырумен қатар, өз оқуына жауапкершілікпен қарауын, өз бетінше жұмыс жасауын және алған білімін тиімді қолдануын қалыптастырудың маңызы зор. Жиналыс барысында оқушының оқу үлгерімін жақсартуға әсер ететін факторлар, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, үй тапсырмасын орындау кезінде балаға қолдау көрсету, өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру және жауапкершілікке тәрбиелеу мәселелері қозғалды. Ата-ананың қолдауы — баланың өзіне деген сенімін арттыратын маңызды күш. Балаға дайын жауап беруден гөрі, оны ізденуге, ойлануға және өздігінен шешім қабылдауға бағыттау — үлкен жетістікке бастайтын қадам. Мұғалім мен ата-ананың өзара түсіністігі, тұрақты байланысы және ортақ жауапкершілігі — оқушының жан-жақты дамуына негіз болады.
