Әжелер мектебі

Бүгін біздің мектебімізде ерекше тағылымды кездесу өтті. «Әжелер мектебі» аясында ардақты әжелеріміз қонаққа келіп, оқушыларға өз өмірлік тәжірибелері мен өнегелі әңгімелерін айтты.
Әжелер – ұлттық тәрбиенің алтын қазығы, салт-дәстүріміздің сақтаушысы. Олар оқушыларға адалдық, еңбексүйгіштік, үлкенге құрмет, кішіге ізет жайлы насихат айтып, тағылымды әңгімелермен бөлісті.
Кездесуде халық әндері шырқалып, ұлттық тағамдар туралы сөз болды. Балалар әжелерге қызықты сұрақтар қойып, ал әжелер немерелеріне ақ тілектерін арнады.
Осындай кездесулер арқылы біз ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейміз. Әжелеріміздің әр сөзі – біз үшін өшпес өнеге, сарқылмас қазына.