• Жибек прокомментировал(-а) запись Гордое звание – учитель в группе Логотип группыУчителя 9 г., 7 мес. назад

    Айжан Амангелдіқызы біріншіден жарайсың демекпін. Еңбегің жемісті болсын. Ең бастысы өзің айтқандай балалардың жанын түсіне білсең, өз мамандығыңды ұната білсең, барлық қиындықтарды жеңуге болады. Ісің әрдайым оңға бассын. Сөзімді ҰЛЫ АБАЙДЫҢ өлеңімен аяқтағым келеді.
    Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
    Әуре етеді ішінен қулық сақтап.
    Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
    Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
    Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,
    Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.
    Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,
    Салпылдап сағым қуған бойыңды еп пе?
    Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
    Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
    Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
     
    Сонан шыққан шын асыл, тастай көрме.    АБАЙ