Новости – Родителям

10.11.2021  |  Рубрики: Новости - Родителям, Новости - Ученику, Новости - Учителю, Родителям, Ученику, Учителю, Школа

"Darmen" қосымшасы

Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды дамыту кезеңінде мобильдік қосымшаларды пайдалану төтенше жағдайларды алдын алу бойынша халықты жедел ақпараттандыру үшін өзекті болып табылады. Ел тұрғындарының қауіпсіздігі үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 2019 жылы "Darmen" мобильді қосымшасын іске қосты. Қосымша дауылды ескертулер мен басқа да төтенше жағдайлар, автомобиль жолдарының жабылуы туралы хабарламаларды уақтылы жіберу үшін, сондай-ақ қысқы кезеңде қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты мектептерде сабақтарды тоқтату кезінде оқушылар мен олардың ата-аналары үшін тегін және ыңғайлы болып табылады. Сондай-ақ бағдарламада түрлі төтенше жағдайлардағы іс-қимылдар бойынша ұсынымдар жаңартылады.
Қосымша хабарламаларды жедел жеткізуде жоғары тиімділікті көрсетті. Қазіргі уақытта мобильдік қосымшаны Қостанай облысының 3,5 мыңға жуық тұрғыны пайдаланады. Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті "Darmen" мобильді қосымшасы арқылы және SMS-хабарламалар арқылы облыстағы метеогидрологиялық жағдай туралы жедел ақпаратты, дауылды ескертулерді, нұсқаулықтарды және т.б. шұғыл өзгеретін климаттық жағдай жағдайында жедел алынған ақпарат төтенше оқиғаларды айтарлықтай азайтып және адам өмірін сақтап қала отыра, алдын ала шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты, төтенше жағдайлардың алдын алу үшін Қостанай облысының ТЖД осы қосымшаны пайдалануға белсенді қатысуға шақырады.

Прокомментировать

Вы должны быть авторизованы для комментирования.